×

Қуандық Бишімбаевтың марқұм әйелімен оқиғаға дейін мейрамханада отырған видеосы тарады

БАҚ беттерінде бұл мейрамханаға Қуандық Бишімбаевқа қатысы бар екені жазылған

Қуандық Бишімбаевтың марқұм әйелімен оқиғаға дейін мейрамханада отырған видеосы тарады
видеодан кадр

9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп сабап өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Әлеуметтік желіде оқиғаға дейін аталған BAU мейрамханасында отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Видеодан марқұм Салтанат Нүкенованың мейрамхананың «летнигінде» отырғанын байқауға болады. Соған қарағанда видео жазғы уақытта түсірілген секілді. Бірақ видеодан мейрамхананың сол BAU екенін байқауға болады. Ол қорқор тартып отыр (кальян).

Негізі БАҚ беттерінде бұл мейрамханаға Қуандық Бишімбаевқа қатысы бар екені жазылған. Сондықтан екеуі осы жерде жиі кездескен болуы мүмкін. 

«Қарғыс атқан жер», «Ол бұл жерде өлтіреді деп күдіктенген де жоқ», «Салтанатты өмірдің көлеңкелі тұсы», «Егер 10 жыл түрмеде отырғанында екеуі кездеспес еді», - деген сияқты пікірлер бар.

Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп сабап өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Ол 2 айға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ішкі істер министрінің орынбасары Қанат Қожаев тілшілерге  сот-медициналық сараптама қорытындысы бір ай көлемінде шығады деп айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →