×

Салтанат Нүкенованың өлімі: сот сараптамасының нәтижесі қашан белгілі болады

Қожаев алдымен осы қылмыстық іс бойынша тергеушілер не себепті ауысып жатқанын түсіндірді

Салтанат Нүкенованың өлімі: сот сараптамасының нәтижесі қашан белгілі болады
Салтанат Нүкенованың Instagram парақшасынан

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Бишімбаевтың ісі бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қожаев алдымен осы қылмыстық іс бойынша тергеушілер не себепті ауысып жатқанын түсіндірді.

“Бірінші күні оқиға орнына арнайы тергеу тобы шығады, олар кезекші топ. Ал ертеңгі күні алдын ала тергеу басқа маманға тапсырылады. Ол адамның қасында тағы бірнеше тергеуші болады. Бір тергеуші емес, топ болып тергеуі мүмкін. Тергеушілердің ауысуына қатысты әңгімелер осыдан тарап жатқан шығар”, – деді Қожаев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бір айдан кейін шығуы керек.

“Әдетте сот-медициналық сараптама бір ай жасалады”, – деп атап көрсетті Қожаев.

Сот-сараптамасы кезінде Салтанат Нүкенованың қайтыс болған уақыты да анықталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Кеше, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →