×

Журналистер де қылмыс жасайды – ІІМ вице-министрі тілшілермен сөз таластырды

Вице-министрге соңғы оқиғаға (Талдықорған бас полицейінің қыз зорлап ұсталуы) байланысты көп сұрақ қойылған

Журналистер де қылмыс жасайды – ІІМ вице-министрі тілшілермен сөз таластырды
primeminister.kz

Әлеуметтік желілерде Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевтың Сенат кулуарында журналистермен сөз таластырған видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеолар 16 қарашада Сенат кулуарында түсірілген. Вице-министрге соңғы оқиғаға (Талдықорған бас полицейінің қыз зорлап ұсталуы) байланысты көп сұрақ қойылған. Марат Қожаев сол оқиғадан кейін облыстық полиция департаментінің бүкіл басшылығы қызметінен кеткенін хабарлады. Алайда журналистерден сауал толастамады. Ізінше, Қожаев эмоцияға берілгенін байқауға болады.

«Сұрақтарыңыз «керемет»! Адамның басына кіріп, жүрегінде не бар екенін анықтайтын қазір технологиялар жоқ. Кейбір кезде сіздердің араларыңызда журналистер қылмыс жасайды. Жауапқа тартылып жатқанын естіп жатқан шығарсыздар!?» – дейді ол.

Марат Қожаевтан осы кезде журналистер «Талдықорғандағы оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі кешірім сұрай ма?» деп сұрады. «Кімнен?» деп сұраққа сауалмен жауап берді вице-министр. «Халықтан» деген жауап естігенде «министрліктің халықтың алдында қандай кінәсі бар?» деп тағы журналистің өзіне сұрақ қойды.

«Бәріміз заңның алдында бірдейміз. Зорланған қыздан оны істеген адам өзінің күнәсін мойындап, сұраса...» – деп жауап беріп кете барды Қожаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Жетімдерін жылатқан": Қызылорда облысында 154 жетім баланың құқықығы бұзылған
Кеше, 13:00

"Жетімдерін жылатқан": Қызылорда облысында 154 жетім баланың құқықығы бұзылған

Жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету заңдылықтары бұзылған
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы ресми құжатқа қол қойды
Олардан 15 кг-дан астам «мефедрон» психотропты заты мен 650 литр прекурсор тәркіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →