×

«Екі жыл бұрынғы министрдің репликасын қайталап отырсыз». Жаңа министр депутаттан сөз естіді

Депутат министр таныстырған заң жобасының нәтиже беретініне сенбейді

«Екі жыл бұрынғы министрдің репликасын қайталап отырсыз». Жаңа министр депутаттан сөз естіді
коллаж: Qaz365.kz

Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген, биыл қыркүйекте Өнеркәсіп және құрылыс министрі болған Қанат Шарлапаев бүгін Мәжілісте депутаттардан сөз естіді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министр бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырған. Сол сәтте депутат Елнұр Бейсенбаев үнсіз қала алмады.

«Құрметті министр, сізге дейінгі министр Қайырбек Өскенбаев осы заң жобасын Мәжіліске 2021 жылы  таныстыруға әкелген кезде тұрғын үй кезегінде тұрған 240 мың адамды тазартамыз деген. Екі жарым жыл өтті. Соның репликасын қайталап отырсыз. Ол тізімді тазарта алмайсыздар. Баспана басқармасында еңбек еткен адам ретінде айта аламын. Екі жылдан бері кезекте тұрған адамдардың саны азаймақ түгілі 200 мың адамға көбейген», – дейді Елнұр Бейсенбаев.

Ол  мұндай тенденция кете берсе, кезекте тұрғандар саны 1 миллион адамға көбейетінін айтты. Елімізде осы күні бірде-бір ипотекалық бағдарлама жоқ екен. 

«Заңнама жақсартылғанымен, қазіргі әдіспен баспана кезегін азайту мүмкін емес. Мәселені қалай реттегелі отырсыздар? Республикалық бюджеттен ақша сұрайсыздар ма? Әлде, жемқорлардан тәркіленген ақшаны жұмсау керек пе?» – деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →