×

Халал пицца сұраған жас әнші тапсырыс алған кешіне келмей қойды

8 беттен тұратын райдер жіберген әнші тапсырыс алған кешіне бармаған

Халал пицца сұраған жас әнші тапсырыс алған кешіне келмей қойды
Коллаж: ашық дереккөздерден

Жас әншінің райдері мен келмей қойған әрекеті концерт ұйымдастырушыларының ашуын туғызды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кеш ұйымдастырушыларының сөзінше, әншінің гонорары 8 миллион теңге болған.

«Жақында кең көлемді ұйымдастырылған шараның қасында жүрдік.

Кәсіби режиссер қызметіне жүгінуге тура келді. Сол кісінің ұсынысымен соңғы уақытта қазақстандық жастар арасында хитқа айналып жүрген жас әншімен келісілді. Гонорары «ұшып тұр», Тұрсынбектің гонорары жолда қалады. Таныс арқылы шығып, демеуші табылып, орта жолды тауып, гонорары келісілді. Қызықтың бәрі содан кейін басталды. Әншіміздің администраторы райдер жіберді. Райдерді көріп, әрбір пунктін оқып, көзіміз шарасынан шыға жаздады. 8 бет А4 қағазынан тұрады», – деп жазды концерт ұйымдастырушыларының бірі.

Ол әншінің бірнеше талабын тізіп, атап өтті.

«1. Барып келуге екі жаққа бизнес класқа 2 билет, Эконом класқа 4 билет! Әнші, администраторы және командасына! Қазақстан ішіне Air Аstana, шет жаққа Аэрофлоттан басқасы болмайды екен.

2. Күтіп алатын көлік 2021 жылдан ескі болмауы керек және оның өзі BMW X7, CADILLAC Escalade немесе Mercedes S-V Class болу шарты бар. Көліктің ішінде RedBull су және Rich шырыны …

3. Кемі 3-4 кісіден құралған кәсіби қорғаушы.

4. Қонақүйді айтпасам да түсінікті болар.

5. Гонорардан бөлек «күндік ақша» сұрайды екен. Бізден 100 мың теңге сұрады.

6. Гримм бөлмесінің шарты өз алдына бөлек әңгіме: Электрический чайник

• Минералды су 0,5 литрлік  10 бөтелке.

•«Rich» шырыны 5 дана. Көлемі 1 л, түрлі дәмдер: алма, шие.

• 3 банка «Sprite», 3 банка «Pepsi».

• 3 банка «Red Bull».

• 3 шыны бөтелкедегі «Borjomi».

• Пицца (3 адамға есептелген, міндетті түрде халал)

• Мясная нарезка (3 адамға есептелген, міндетті түрде халал)         

• Сырная нарезка (3 адамға есептелген)

• Шығыс тәттілері (жаңғақтар, пісте, мейіз, кептірілген өріктер)

• Фруктовая нарезка (3 адамға есептелген)

• «Greenfield» шайы: қара, көк

• Ылғал майлықтардың орамасы

• А4 қағазының бірнеше бос парақтары

• Киімді тазалауға арналған ролик

• Жаңа, ақ, әрқашан таза түкті сүлгілер – 3 дана, орта өлшемді

• Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

• Мәзір бойынша ыстық тамақ (міндетті түрде халал)», – деп жазды концерт ұйымдастырушыларының бірі.

Оның айтуынша, ұйымдастырушылар көрермен үшін әншінің барлық талабына көнген. Алайда жас әншінің тарапы шараға 24 сағаттан аз уақыт қалғанда оның температурасы 40 градусқа көтеріліп, ауырып қалғанын айтқан. Десе де әнші сол күні досының туған күнінде болған.

«Жарайды, жазылып кетсін, өмір ғой, болады, онсыз да жарқырап өтер деп, саулығына тілекші болдық. Алайда тура сол күні «ауырып жатқан әншіміз» досының туған күн тойында жүргенін инстаграмға сториз салғанда, сыймен қарайтын, құрметтейтін әншіміздің «авторитеті» пешке салған мұздай еріді. Және өте жағымсыз әсер қалдырды. Әндері керемет, құндылықтары төмен әнші екен деп, жақтырмайтын әртістердің қатары толды», – деп жазды концерт ұйымдастырушыларының бірі.

Айта кетейік, 17 қарашада блогер Daricorn-ның туған күні болған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →