×

Дені сау адамға жеңілдетілген ипотека қажет емес деген министр желіде сынға қалды

Желі қолданушылары Қанат Шарлапаевты сынға алды

Дені сау адамға жеңілдетілген ипотека қажет емес деген министр желіде сынға қалды
Фото: primeminister.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Мұқаев Өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаевқа «Бүгінде жас отбасы 200 мың теңге айлықпен тұрғын үй құнының 50%-ын бір өзі жинай ала ма?» деген сауал тастаған еді. Министр дені сау адамға жеңілдетілген ипотека қажет емес деп айтқан болатын. Осыдан кейін желіде хейт басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«200 мың айлық алатын адам баспанаға ақшаны қалай жинайды?», Осы министрдің айлығын 200 мыңға түсіру керек, көреміз, сол кезде жастардың жағдайын түсінеді», «Көтеріліп отырған мәселе өте дұрыс, бірақ жауап беруші түсініп тұрған жоқ. Жауабы мардымсыз», «Олигархтарға салықты өсіру керек», «Сонда үй алу үшін неше жұмыс істеуіміз қажет?», «Бұл адам сияқты арам ақша тауып, бизнес істеп жүрген жоқпыз», «Шала қазақтың қазаққа жаны қайдан ашысын!» «Айлықтан үйге ақша жинау үшін тамақ ішпей, киінбей, ұшып жүру керек. Жауап берген шенеунік бұл сұрақтың жауабын тапқысы келіп отырғаны екіталай», «Өзі 200 мың айлыққа екі күн өмір сүре алмайды» деген пікірлер бар.

Мәжіліс депутаты бүгін «7-20-25-тің» лимиті аз екенін, банктерде 100 миллиард әрі кетсе 30 секундта бітіп қалып жатқанын айтқан еді.

« 200 мың теңге айлықпен сол жастарымыз үйдің 50 пайыз ақшасын жинай ала ма? Егер де оларға берілетін басқа да бағдарламалар болатын болса, үндемес едім, бұл мәселені Парламентте көтермес едім», – деді Дәулет Мұқаев.

Ал министр дені сау адамға жеңілдетілген ипотеканың не қажеті бар дегендей қылды.

Кейіннен Мәжіліс кулуарында депутат Елнұр Бейсенбаев та министрдің бұл жауабына қатысты өз пікірін білдіргені бар.

«Дені сау қазақстандықтар жұмыс істемейді деп кім айтыпты? Олар жұмыс істеп жүр. Министрдің сөзіне не пікір айта аламын?! Отырыста онымен қалай сөйлескенімізді көрдіңіздер ғой. Мүмкін министр жақсы ақша табатын шығар. Иә, оның айлығы жоғары. Ол бұл отбасыларды білмейді ғой. Мен оған сондай отбасылармен кездесу ұйымдастырамын. Өз көзімен көрсін», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Ол осы ретте баспанаға ақша жинаймыз деп жүріп 5 баласынан айырылған Ситерлер отбасының қайғылы жағдайын еске салған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →