×

«Гүлзираға жақпай қалды»: Қайрат Нұртастың анасы келіні неге ажырасқанын айтты

Гүлзира Айдарбекова мәселенің мән-жайын айтты

«Гүлзираға жақпай қалды»: Қайрат Нұртастың анасы келіні неге ажырасқанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова «MOM'sкий әңгіме» подкастында ұлы Заңғардың бірінші әйелімен неге ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүргізуші Айнұр Ілиясова ел арасында «Гүлзираға жақпай қалды» деген пікір бар екенін айтып, мәселенің нүктесін қоюды сұраған.

«Бұл некенің сәтсіз болуын біресе менен, біресе Заңғардан көретіндер бар. Шапалақты ұрсаңыз, екі жақтан да дыбыс шығады ғой, бұл да сондай жағдай. Ешқашан бір жақтан болмайды. Сосын  Жібек біреудің қызы. Мектеп бітірген соң, шетелде оқыған. Үйінде болмаған, жайлы өмір сүріп қалған. Үлкен әулетке сыйысып кетуі де оңай емес. Түсіністікпен қарадық. Бірақ кететін келін кетті ғой. Енді жаңа келінге тыныштық жоқ. «Қу түлкі сияқтысың» деп жазады екен. Көңіліне тиеді», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Ол келінін енесі емес, халықтың сөзі ажыратқан сияқты деп айтып қалды. Сосын Жұлдыздың тойға келмегенін де астарлап жеткізді.

«Тойда неге анау жоқ, неге мынау жоқ» деген пікірлер көп жазылады. Әртүрлі жағдайлар болады. «Кекірейіп қалатындары» бар. Мен әрқайсысының артынан жүгіріп жүрмеймін. Оларға ел сұрайды, неге «кеуделеп» келмей қалдың демеймін ғой. Келем дегенді итермеймін. «Мама, той болып жатыр екен, қандай көмек керек?» десе, жүгіріп жатса қуанамын. Осы уақытқа дейін бәріне өзім жүгіремін. Тойханамен келісуге де өзім барамын. Күйеуім де, балаларым да үйреніп қалған», – дейді продюсер.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың кенже інісі Заңғар Қытайда бірге оқып, кейіннен танысқан Жібекпен некесі сәтсіз болып, ажырасып кеткен еді. Бірақ жақында ол екінші рет отбасын құрды. Осы тойға жеңгесі Жұлдыз Әбдікәрімова келмей, желіде біраз талқыланған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →