×

Алматы облысында 11 жастағы оқушы өз-өзіне қол салды

Әкімдік ақпаратты растады

Алматы облысында 11 жастағы оқушы өз-өзіне қол салды
Фото: pixabay.com

Алматы облысында 11 жастағы оқушы өз-өзіне қол салып, қайтыс болды. Жамбыл аудандық әкімдігі баланың өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Полиция аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бала Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде оқыған. 6-сынып оқушысының суицидке баруының себебі белгісіз.

«Бұл оқиға демалыс күні баланың отбасында болған. Мектеп оқушысы толық отбасынан шыққан. Мектептен ешқандай қысым көрмеген, оқу үлгерімі де жақсы.  Ата-анасының екеуі де жұмыс істейді. Әкесі жедел жәрдем қызметінде, анасы да медицина саласында. Баланың қысым көргені жайлы ақпарат жоқ, арнайы тергеп-тексеру жүріп жатыр. Неге бұндай қайғылы жағдай орын алғаны түсініксіз. Сенбі күні кешкі уақытта орын алған», – деді Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ал Алматы облысының әкімдігі қайғылы жағдайға душар болған отбасына жан-жақты қолдау көрсететіндерін айтты. Жалпы Алматы облысында өз өмірлерін қиятын балалар саны азаймай тұр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →