×

«Мен әрқайсысының артынан жүгірмеймін»: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыздың неге тойға келмегенін айтты

Продюсер өз пікірін білдірді

«Мен әрқайсысының артынан жүгірмеймін»: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыздың неге тойға келмегенін айтты
Фото: ашық дереккөздерден

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртастың тойына жеңгесі Жұлдыз Әбдікәрімова бармаған болатын. Бұл желіде қызу талқыланды. Осыған қатысты Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова «MOM'sкий әңгіме» подкастында өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Тойда неге анау жоқ, неге мынау жоқ» деген пікірлер көп жазылады. Негізі әркімнің отбасы ғой. Сондықтан өзі біледі. Әртүрлі жағдайлар болады. «Кекірейіп қалатындары» бар. Мен әрқайсысының артынан жүгірмеймін. Әркімнің өз басы бар. Келем деген адам келеді, мен ешкімді кеудесінен итермеймін. «Мама, той болып жатыр екен, қандай көмек керек?» десе, жүгіріп жатса қуанамын. Бөркімді аспанға ататыным сөзсіз», - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Ол бұл ретте осыған дейін барлығына өзі жүгіргенін, келіндерінің тарапынан қолғабыс аз болатынын айтып қалды.

«Тіпті, осы той жасайтын кезде тойхананы барып көріп, келісіп жатқандары жоқ. Нұрекең (күйеуі Нұртас Айдарбеков – ред) баяғыдан әдеті костюм-шалбарын киіп қонақтармен бірге барады. Балаларым да сондай. Сондықтан жұмыстың бәрін өзім реттеуге тырысамын. Барлық ене келін түсерде осымен мәселең шешіліп, түгел жұмысты келін өз қолына алатындай сезінеді емес пе? Менде қолым ұзаратындай қуанамын. Бірақ жылы махаббатынды дұрыс түсініп, алдында жүгіріп жүретіндері болады. Енді бірі бұл осылай болуы қажет қалыпты жағдай деп қабылдайды. Мені бүкіл жағдайды істеуі тиіс деп санайды. Сондықтан қыздың анасы осының бәрін айту керек. Сол кезде екі жақта да реніш болмайды. Құда-құдағи деген бір кемедегі адамдар», - дейді продюсер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →