×

«Президент жарлығына қарсы шығып жүрген адамдар бар»: Ғалымдар жаңа академия мен оның басшысына қарсылық білдірді

Академиктер Мемлекет басшысының атына ашық хат жазды

«Президент жарлығына қарсы шығып жүрген адамдар бар»: Ғалымдар жаңа академия мен оның басшысына қарсылық білдірді

Жуырда «Адырна» ұлттық порталында техника ғылымдарының докторы, академик, профессор Ясин Ұзақовтың сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған сұхбат желіде біраз талқыға түскені рас. Ұлттық ғылым академиясының өткені мен бүгінін таразыға тартып, болашағы жайлы біршама әңгіме айтылды. Академияны соңғы 20 жыл басқарған жүйенің былығын әшкерелеген Ұзақов отандық ғылымның тұралап қалу себебін ашып айтты.

Президент жанындағы Қазақтың Ұлттық академиясы деп қайта құрылды. Президенттің жарлығымен құрылып, енді аяғына тұрып кету керек. Бірақ, Президенттің жарлығын орындамай, Президент жарлығына қарсы шығып жүрген адамдар бар» деген ғалым академия басында болған азаматтарды сынға алды. Лабораторияда болып, ғылыми мектебін қалыптастырмаған адамдар ғылымға үлес қоса алмайды деген ойын ашық айтты.

Ясин Ұзақовтың бұл сөзі ғылыми қауымдастыққа ауыр соққы болып тигенге ұқсайды. Бүгін 120-ға жуық академик Мемлекет басшысының атына ашық хат жазып, жаңа академия мен оның Президентіне қарсылық білдірді. Мінбердегі саяси тартыс лаборатория жағалаған ақ жағалыларға жеткен секілді. Әліптің артын бағайық...

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
10.08.2025ж. 16:04

Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
«Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды
Қорғаныс министрлігі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр
Мемлекет басшысы ұлы ақынның мұрасы ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →