×

Алматыда мектеп есепшісі 46 миллион теңге жымқырған

Есепші сотталды

Алматыда мектеп есепшісі 46 миллион теңге жымқырған
Фото: ашық дереккөзден

Алматы прокурорлары мектептердің бірінде 46 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы прокуратурасының мәліметінше, мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

«Дерек бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы соталды тергеп-тексеру бастады. Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот үкімі бойынша кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету") бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →