×

«Қол көтеріп, азаптаған»: Атырауда бес полиция қызметкері сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

«Қол көтеріп, азаптаған»: Атырауда бес полиция қызметкері сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Атырау қаласының №2 сотында азаптау және азаптауға жәрдемдесу айыбымен бес полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

«Үш полиция қызметкері А., М. және Ж. қылмысты ашу және полиция бөліміне жеткізілген азамат К.-дан мойындау айғақтарын алу мақсатында ұрып-соғу және тұншықтыру арқылы жәбірленушіге тән азабын келтірген. Сол қызметтік кабинетте болған С. және Т. азаптауды тоқтатпай, әрекетсіздік таныту арқылы азаптауға жәрдемдескен», – делінген облыстық соттың хабарламасында.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, қалалық полиция бөлімінің ғимаратында алынған бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен, сот-медициналық, сот-молекулярлық-генетикалық, сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалардың қорытындыларымен және тағы басқа өз дәлелін тапты.

«Сот А., М., Ж.-ны азаптау бойынша кінәлі деп таныды (ҚК-тің 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы), С., Т.-ны азаптауға жәрдемдесу бойынша (ҚК-тің 28-бабының 5-бөлігі, 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы) кінәлі деп таныды. Оларға құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 3 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Олардың асырауында жас балалардың болуына байланысты сот жаза тағайындау барысында жазаны жеңілдетті. Ал ауырлататын мән-жай ретінде қабылдаған антты бұзуы айтылды», – делінген хабарламада.

Жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →