×

Қазақстанның төрт қаласында ауа жоғары деңгейде ластанады – синоптиктер

Төрт қалада метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Қазақстанның төрт қаласында ауа жоғары деңгейде ластанады – синоптиктер
Фото: shutterstock.com

Синоптиктер Қазақстанның төрт қаласында 27 қарашада ауаның ластану деңгейі артады деп болжап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Алматы, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз ауа-райында мына әрекеттер ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында уақыт өткізуді қысқарту;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде дәрісін бірге алып жүруі керек;
  • ашық ауадағы физикалық белсенділікті шектеу керек. Дене шынықтыру мен спорт шаралары жабық спорт кешенінде жүргізілуі керек.

Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, екпінді жел соғады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →