×

«Көзге жас келді»: Өз үйлену тойында ата-анасын төрге шығарған жігіттің әрекеті қызу талқылануда

Тик-ток желісінде

«Көзге жас келді»: Өз үйлену тойында ата-анасын төрге шығарған жігіттің әрекеті қызу талқылануда
Видеодан скриншот

Белгілі блогер Мансар Орынхан әлеуметтік желіде қызу талқы туғызған видео жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Видеодан үйленіп жатқан жас жігіттің микрофонды алып, ата-анасын ортаға шақырып, оларды төрдегі өздерінің орнына жайғастырғысы келетінін айтқанын көруге болады.

«Бұл той осы кісілердің құрметіне жасалып жатыр. Менің соңғы кезде түсінгенім, сәл кеш те болса айтайын, ағаттықпен сіздердің көңілдеріңізді қалдырған кездерім болса, сіздерден басымды иіп кешірім сұраймын. «Жаннат ананың табанының астында» дейді ғой. Сол сөздің мағынасын енді түсіндім. Осындай иманды, салиқалы жарды жолықтыру үшін ата-ананың дұғасы керек екен, соны түсіндім. Мен білмеймін, бұл кісілер өздерінің тойларында төрде отырған-отырмағандарын білмеймін. Ең бірінші осы кісілерді төрге шығарып, құрмет қылсақ деймін», – деді Акбар есімді отау құрып жатқан жігіт.

 Видеоға блогер өз пікірін білдірді.

«Акбар бауырым керемет жасады. Осындай ер-азаматтар көбейе берсін. Көзге жас келе жаздады. Жастар бақытты болсын!» – деп жазды блогер.

Оқырмандардың пікірі екіге бөлінді. Бұл әрекетті бірі жақтаса, даттап жатқандар да табылды.

«Әке-шешеге жақын болсаң, өз әйелің аяқ тартатын болады, жігіттер», «Мәссаған, бір жағынан дұрыс, бір жағынан қате де сияқты ғой , бір рет болатын той. Ата-ана да өздерінің тойында төрде отырды ғой. Енді баласының орны еді», «Мына жерде барлығы дұрыс деп жатыр, алайда өз балаларының тойында бұлай жасамайды» деп жазды оқырмандар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Іле ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда
Бүгін, 12:56

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Іле ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда

Мемлекетке қайтарылған қаражат тағы бір ауданның игілігіне жарады
Қазгидромет мамандары алда кейбір аймақтарға қатты ыстық түсетінін ескертті
Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →