×

«Менікін білмей-ақ қойсыншы»: Жұлдыз Әбдікәрімова руы жайлы сұраққа жауап беруден бас тартты

Белгілі блогерлер мен әртістер өздерінің рулары туралы сұраққа жауап берді

«Менікін білмей-ақ қойсыншы»: Жұлдыз Әбдікәрімова руы жайлы сұраққа жауап беруден бас тартты
Видеодан скриншоттар

Блогерлер мен әртістер бас қосқан шараның бірінде Жұлдыз Әбдікәрімова руы жайлы сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оларға тек «туған жеріңіз қай жер және руыңыз кім?» деген екі сұрақ қойылды.

«Қазақ бөлінбеген. Жаным, бөлінбейміз. Менікін білмей-ақ қойсыншы», – деп жауап берді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Ал белгілі блогер Дамеля туған жері – Шымкент, руы қоңырат екенін айтты.

Сондай-ақ Айжұлдыз Адайбекова өзінің туған жері – Алматы қаласы, руы – қожа және оның әкесі де, шешесі де қожа руынан екенін айтты.

Блогер Анеля Кенжебекова Алматы қаласынан, руы – суан, ал блогер С.С.Тау Шымкенттен, руы – дулат, оның ішінде сиқым. Дамир Аманжолов Алматыдан, ұлы жүзден, руы – сары үйсін. Динара Исамаилдың туған жері – Шығыс Қазақстан облысы, руы – найман. Сонымен қатар Мира Берген – Батыс Қазақстан, Орал қаласынан, руы ысық екенін айтты.

Видеоға пікір білдірген желі қолданушыларына Жұлдыз Әбдікәрімованың жауабы ұнай қоймағанын байқауға болады.

«Жұлдыз не үшін өзінше болып тұр?», «Оларда ру болмайды ғой», «Өзбекстанда туған, Жұлдыз айтуға намыстанып тұр», «Руын айтпай ма? Онда тұрған не бар?» деп жазды желі қолданушылары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →