×

Алматы тауларынан қар көшкінінің астында қалған әйел табылды

Ол тауға жалғыз өзі шығып кеткен

Алматы тауларынан қар көшкінінің астында қалған әйел табылды
tengrinews.kz

Жоғалған әйел Алмаарасан тауларынан табылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ТЖМ "РЖҚЖ" ММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 7 қаңтарда 1983 жылы туған турист әйел тауға, "Терра" алаңына жалғыз өзі шыққан. Жаяу серуендеп болғаннан кейін ол көлікке түскен кезде телефонын және бақылау таяқшаларын жоғалтып алған. Әйел таудан түсіп бара жатқанда, қар көшкіні жүріп, ол құлап қалған. Осылайша, көшкін оны "Проходная" өзеніне қарай алып кеткен.

9 қаңтарда сағат 5 шамасында ҚР ТЖМ "РЖҚЖ" ММ кезекші бөліміне Алмаарасан шатқалында жоғалған әйел туралы шақыру келіп түскен. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинология есептобынан тұратын жедел топ құтқаруға шыққан. РЖҚЖ қызметкерлері туристі түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеген. Іздеу түні бойы жалғасты. Түнгі сағат 4-ке таяу зардап шеккен турист табылды.

РЖҚЖ құтқарушылары барлық қажет көмек көрсетіп, туристті Проходное шатқалына қарай тасымалдаған. Кейін зардап шегуші АМО бригадасына табысталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →