×

Алматы облысында 43 бас жылқыны ұрлаған күдіктілер анықталды

Бұрын жасалған қылмыс ашылды

Алматы облысында 43 бас жылқыны ұрлаған күдіктілер анықталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысында 43 бас жылқыны қолды қылған күдіктілер анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 27 қарашада «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Алматы облысының ПД КПБ қызметкерлері аудандық полиция бөлімшесімен бірлесіп, бұрын жасалған қылмысты ашты.

«Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары осыған дейін қамауға алынған күдіктілердің Кербұлақ ауылының маңындағы жайылымнан 43 бас жылқыны ұрлап кеткенін анықтады. Зардап шеккендерге келтірілген залал – шамамен 22 млн теңге. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды», – деді Алматы облысының ПД бастығы Бауыржан Әленов.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →