×

Петропавлда “Халық кеңесін” құрып, тәуелсіздік жариялағандар сотталды

Сот шешімі шықты

Петропавлда “Халық кеңесін” құрып, тәуелсіздік жариялағандар сотталды
Фото: әлеуметтік желіден

Биыл наурыз айының соңында әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында "халық кеңесі құрылғаны" жөнінде видео тараған еді. Бүгін осыған қатысты сот шешімі шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сепаратистердің бірі 9, үшеуі 7 жылдан бас бостандығынан айырылды. Қалғаны сотқа куәгер ретінде қатысты», – деп жазды Эльмира Қаленова. 

 Айта кетейік, бұған дейін Петропавл қаласында "Халық кеңесі" тобының үш белсендісі сепаратизм үшін айыпталып, уақытша қамау изоляторына тоғытылған еді. 

Тергеу материалдарына сәйкес, 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында "Халық кеңесі" тобына қатысушылар жиналған. Жиынға облыс орталығының 20 тұрғыны келді. Олар "өздерін Кеңес социалистік республикалар одағының ізбасарлары" деп жариялады.

Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық Кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық Кеңесі Декларациясын" қабылдаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтар академик Төрегелді Шармановты еске алады
Бүгін, 14:01

Алматылықтар академик Төрегелді Шармановты еске алады

Шара Қазақ тағамтану академиясының мәжіліс залында өтеді
Telegram-мен олардың өкілін тағайындап, кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді
Сынама сіздің қартаю жылдамдығыңыз бен қанша өмір сүретініңізді анықтайды
Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →