Куәгерлер өртке байланысты пікір білдірді
Алматыда хостел өртеніп, 13 адам көз жұмды. Тағы 59 адам эвакуацияланды. Куәгерлер өртке байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Кеше кешке хостелдегі достарыма келдім. Сағат 11 шамасында. Менің достарым Йеменнен үш күн бұрын келген. Хостелге келгенде төтенше ештеңе байқамадым. Достарымның айтуынша, олар бірдеңе естіген. Содан кейін сыртқа шыққан. Достарым қазір ауруханада. Жағдайлары жақсы», – деді Йемен азаматы, медицина факультетінің студенті.
Куәгерлердің бірінің сөзін Tengrinews сайты жариялады:
«Түтін жайылғанда ояндық. Біздің бөлме жоғарғы қабатта, бірінші қабатта, есікке жақын еді. Мен жергілікті тұрғынмын, әйеліммен хостелде тұрғанмын. Ол әкімші болып жұмыс істеді, кезекшілікте болатын. Әйелімді ғимараттан алып шықтым. Бетімді дымқыл шүберекпен жауып, басқа қонақтарды бірінші қабаттан шығаруға көмектестім. Мен тек түтінді көрдім, бірақ төменгі қабаттан жүгіріп шыққандар отты көрген. Қаза болғандар негізінен төменде тұрғандар. Мен өрт сөндірушілерден газға қарсы құрылғы сұрадым, бірақ маған бермеді. Мүмкін мен төменгі қабаттағы адамдарды тезірек тауып, біреуді құтқарар ма едім, өйткені мен ондағы бөлмелерді жақсы білемін», – деді Владимир есімді куәгер.
Тағы бір куәгер хостелдің бірінші қабатында негізінен қазақстандықтар тұрғанын айтады.
«Меркіден бауырларымызбен бірге шамамен екі апта бұрын келгенбіз. Өрт басталған кезде сигнализация ойнады, айнала түтін болып кетті. Барлығы бөлмелеріне жүгіріп, басқаларын оятуға кетті. Көшеге шықтық, бірақ өрт байқалмады. Бірінші қабатта жеті бөлме болған, әрқайсысында жеті адамнан. Онда негізінен қазақстандықтар тұрды», – деді хостел қонақтарының бірі.
Өрт куәгерлерінің бірінің Zakon.kz сайтына берген пікірі бойынша, өрттің шығуына адамдар қаза болған ғимараттың бірінші қабатында тұрған матрац себеп болуы мүмкін.
«Матрац өртенді (жатақхана жертөледе орналасқан)», – деді куәгер.
Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Хостел тұрғын үйдің бірінші қабаты мен жертөлесінде жасалған.