×

«JOLTAP» жобасы: «Freelance Mumkindik» бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын тамамдады

Алғашқы түлектер оқуын тамамдады

«JOLTAP» жобасы: «Freelance Mumkindik» бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын тамамдады
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада «JOLTAP» әлеуметтік жобасы аясында «Freelance Mumkindik» бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын тамамдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«JOLTAP» жобасы аясында 168 оқушы таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер (сайттарды әзірлеу) сияқты цифрлық дағдылар бойынша оқуын тамамдап, сертификаттар алды.

Түлектер меңгерген мамандықтары арқылы жұмыс істеуді жоспарлап отыр: жобалар жүргізу, жаңа клиенттер табу және табыстарын арттыру.

Жастар арасында және 35 жастан асқан азаматтар арасында да курстарға қызығушылықтың артуы байқалады. Цифрлық дағдылар бойынша қысқа мерзімді курстардан өту кезінде білім алушылардың 63 пайызында жұмыс тәжірибесі болған емес, ал олардың 11%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Түлектердің жартысы ресми түрде жұмысқа орналасуды немесе тапсырыстарды онлайн форматта қабылдауды жоспарлап отыр.

«Freelance Mumkindik» қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы Астана қаласының 18-50 жас аралығындағы тұрғындары үшін ғана қолжетімді. Оған жазылу «Баршаға Мүмкіндік» модульдік пунктерінде өтеді.

Елорда тұрғындары мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу, сондай-ақ жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру мүмкіндіктері бойынша мына мекенжайлар арқылы кеңес ала алады:

«JOLTAP» жобасы аясында елордада барлығы 10 модульдік пункт жұмыс істейді: Республика даңғылы, 34 «Жастар» сарайы; «Ailand» СОО, Қорғалжын тас жолы, 2; «Встреча» СҮ Абылай хан даңғылы, 31; «Азия Парк» СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21; «Тұлпар» СО Ш. Уәлиханов көшесі, 24, Euromall СҮ, Қос­шығұлұлы көшесі, 24, Mechta СҮ, Сығанақ көшесі, 3. Модульдік пунктер күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, «JOLTAP» жобасы Мемлекет басшысының өнімді жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, белсенді әлеуметтік саясаттың қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Айта кету керек, жоба құралдары тұтастай алғанда қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып саналады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →