×

Түркістандағы мемлекеттік нысандар жекеге өтіп кетті: Әкімдік жауап берді

Түркістандағы мемлекеттік нысандар жекеге өтіп кетті ме?

Түркістандағы мемлекеттік нысандар жекеге өтіп кетті: Әкімдік жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай сияқты Мәжіліс депутаттары жақында Түркістан қаласында болып, ол жақта мемлекет балансынан жекеменшікке өтіп кеткен нысандармен танысқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Блогер Оңғар Қабден өз парақшасында сондай нысандарды көрсетті. Оның айтуынша, жергілікті тұрғындар мемлекеттің ақшасына жекеге өтіп кеткен нысандарға алаңдаушылық білдіріп, депутаттарды шақырған.

«Жекеге өткен нысандардың қатарында Түркістан қаласы әкімдігінің ескі ғимараты да бар. Мұны мемлекет 257 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізген, 313 миллион теңгеге сатып жіберген. Өздері қазір музей ғимаратын жалға алып, сонда отыр», – дейді блогер.

Одан кейін Түркістан қаласының бұрынғы мәдениет үйі бар. Бұл нысан да күрделі жөндеуден өткізіліп, жекеменшікке берілген.

Депутат Мақсат Толықбай құны 20 миллион теңгеге салынған қоғамдық дәретханаларды аралап көрді. Қалада дәл осындай бағаға төртеуі тұрғызылған. Қызығы, депутат сол дәретханадан шыққан адамның қол жуа алмайтынын көрсетті.

«Visit center Turkestan орталығы 800 миллион теңгеге жөндеуден өткізілді. Мұны Жамбыл облысы Түркістанға сыйға тартқан. Мұны әкімдік 22 миллион теңгеге сенімгерлік басқаруға беріп жіберді. Сондай-ақ Қызылорда облысы сыйға тартқан Шығыс моншасы да қазір сенімгерлік басқару нысанына айналған. Сол үшін әкімдік 32 миллион теңге алды», – дейді Оңғар Қабден.

Қостанай облысы әкімдігі сыйға тартқан «Неке сарайы» да сенімгерлік басқаруға беріліпті. Келісім бойынша олар табыстарының 50 пайызын мемлекетке аудару керек екен. Бірақ былтыр бар-жоғы 15 мың теңге аударған дейді.

«Тәуелсіздік алғалы салынған еліміздегі екінші стадион – «Түркістан Аренаға» 40 миллион еуро жұмсалды. Ең қызығы, бір жылдан кейін жабылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 600 миллион теңге қаржы бөлінген», – дейді блогер.

Видеода депутат Мақсат Толықбай қолөнершілер үйін қайта жөндеуден өткізіп, қонақ үйге дайындап жатқанын айтады. 

Әкімдік те қарап қалмай, бірден жауап беріп үлгерді.

Ясауи музейі бойынша:

2020 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тапсырысымен, құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Bazis Construction» ЖШС жүргізіп, Түркістан қаласы әкімдігіне сыйға берген.

Аталған музей сыйға тартылған кезеңде безендіру және техникалық жабдықтарынсыз «Туристерге қызмет көрсету орталығы» КММ теңгеріміне берілген.

Безендіру және техникалық жабдықтау мақсатында «Туристерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі смета әзірлеп, «А1» ЖШС-мен 3 келісімшарт жасаған.

Анықтама үшін:

5.05.2021 жылы бұрынғы директоры Ерасыл Төлебаев 400 000,0 мың теңгеге  (№44);

7.09.2021 жылы 635 000,0 мың теңгеге қазіргі директоры Өткір Малдыбеков (№36);

7.03.2022 жылы 147 870,0 мың теңгеге Өткір Малдыбеков келісімшарттар жасаған.

«Туристерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазіргі басшысы Ө.Малдыбеков келісімшартқа сәйкес, жұмыстар аяқталған соң, орындалу актілеріне қол қойып, тиісті төлемдер жасаған. 

Бүгінгі таңда ғимаратты безендіру және техникалық жабдықтау жұмыстары 99%-ға орындалған. Қалған жұмыстарды келісімшартқа сәйкес 2023 жылы 31 желтоқсанға дейін толық аяқтау жоспарланған.

Республикалық меншікке беру бойынша Түркістан қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы «Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері туралы» №451 қаулысымен облыстық коммуналдық меншікке өткізу-қабылдау актісімен беру жұмыстары жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін, 12:30

Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →