×

«Елдегі ақпарат құралдарының 90 пайызы жекеменшік». Балаева БАҚ-тағы контентті кім шешетінін айтты

«Масс-медиа туралы» заң жобасы

«Елдегі ақпарат құралдарының 90 пайызы жекеменшік». Балаева БАҚ-тағы контентті кім шешетінін айтты
Фото: Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Масс-медиа туралы» заң жобасын таныстырған. Сұрақ-жауап кезінде депутат Қазыбек Иса мемлекеттік тілдегі хабарлардың санын 70 пайызға дейін көбейту туралы сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақ халқының саны 70 пайыздан асып, қазақтілді мектеп бітірушілердің гранты 70 пайызға жетті. Ал қазақтілді You Tube арналардың жазылымы өзге тілдерге салыстырғанда 10 есе көп. Бір ғана «Оян, қазақ!» фильмі рекорд жасап, миллиондаған қаралым жинады. Алайда қазақша оқымайтын қазақ Үкіметі қазақ тіліне деген талаптың өте жоғары екенін қайдан білсін?! Қазақтілді хабарлардың бәрі ел жатып қалған түн жарымдарда көрсетіледі. Қазақтар түнімен ұйықтамайды деп ойлайсыздар ма? Бұл қазақша хабарлар 70 пайыздан кем болмай, ел көретін уақытта көрсетілуі тиіс. Бұл талапқа қалай қарайсыз?» – деді Қазыбек Иса.

Министр елдегі БАҚ өкілдерінің көбісі жекеменшік. Оларға министрліктің араласуға құқы жоқ деп айтты.

«Бүгінгі таңда 5459 бұқаралық ақпарат құралы ресми тіркелген болса, соның 90 пайызы жекеменшік. Сондықтан бизнес субъектілеріне жатады. Сол себепті Ұлттық экономика министрлігі арнайы сараптама жүргізуде. Соның нәтижесі шыққан соң, өздеріңізге айтатын боламыз. Ал қазақ контентін көбейтуге келсек, маған салса, бәрін 100 қазақша қылар едім», – дейді Аида Балаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Глубокое ауданы Степное ауылының тұрғындары тауыз сусыз отырғандарына ондаған жылдар жүзі болды
ЖИ арқылы камераға түспейтін өлі аймақтар зерттеледі
Көпірдің ұзындығы 170 метр,  биіктігі 80 метр болып 500 адамды бір уақытта көтере алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →