×

«Тіпті студенттеріне стипендия бере алмай отыр»: Министрлік бөлінген соң колледж қызметкерлері жалақысыз қалған

Министрлік екіге бөлінгеннен кейінгі жағдай

«Тіпті студенттеріне стипендия бере алмай отыр»: Министрлік бөлінген соң колледж қызметкерлері жалақысыз қалған
Фото: ашық дереккөзден

Мәдениет және спорт министрлігі екіге бөлінуіне байланысты жалақысын ала алмай отырған қарапайым қатардағы қызметкерлер бар. Солардың бірі – Алматыдағы Петр Чайковский атындағы музыкалық колледж. Qaz365.kz редакциясына колледж қызметкерлерінің бірі хабарласып, екі айдан бері жалақыларын ала алмай жүргенін, кредиттерінің мерзімі өтіп жатқанын айтты.

Алайда қызметкер есімін айтудан қаймығатынын жеткізді. Өйткені кейбір шенділер іштегі проблеманы ашық айтқан қызметкерді қудалап, соңына түсіп алатыны бар. Өтінішін орындап, есімін атамауды жөн көрдік.

«Бұрынғы Мәдениет және спорт министрлігі екіге бөлінгенін жақсы білесіздер. Бұл жағдай ведомствоға бағынышты мекемелерге қиынға соғып жатыр. Өйткені мәдениет саласындағы мекемелер Мәдениет және ақпарат министрлігіне ауысты. Екі айдан бері жалақымызды ала алмай жүрміз. Себеп ретінде осы жағдайды айтты. Бірақ дәл осы министрлікке қарасты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы, Ахмет Жұбанов және Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мектептерде ондай проблема жоқ. Қазан айының жалақысын алған. Бізге қарашаның соңында деген. Үндемей, күттік. Енді бүгін 8 желтоқсанға дейін айлық болмайды дейді. Сөйтіп, екі айдың жалақысын әлі күтуімізге тура келеді», – дейді жалақысын алмай жүрген қызметкер.

Ол әріптестерінің көбісінде кредит, бір айлыққа қарап отырғанын жеткізді. Музыкалық колледждің басшылары заң бойынша кредиттің әрбір кешіктірілген күніне қосымша ақы төленуі тиістігін айтып қалыпты.

«Көптеген мәдениет ошақтары қараша айының да айлығын алды. Тек сол төрт колледж қалып отырмыз. Министрлікке хат жазамыз деп ойлағанбыз. Әзірге тыныш. Қазіргі кезде төрт колледж екі айдың жалақысына қол жеткізе алмай отыр. Бізден бөлек, Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі бар екенін нақты білеміз. Олар тіпті студенттеріне стипендия да бере алмай отыр. Қалған екеуін айтпады. Бір қызығы, бізге жіберіп жатқан хат министрліктің ешқандай мөрі, тіпті хаттың да нөмірі жоқ», – дейді колледж қызметкері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтар академик Төрегелді Шармановты еске алады
Бүгін, 14:01

Алматылықтар академик Төрегелді Шармановты еске алады

Шара Қазақ тағамтану академиясының мәжіліс залында өтеді
Telegram-мен олардың өкілін тағайындап, кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді
Сынама сіздің қартаю жылдамдығыңыз бен қанша өмір сүретініңізді анықтайды
Пәтер кілтін облыс халқы атынан бүркітші Айшолпанға Президенттің кеңесшісі Берік Уәли табыстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →