×

«Менің тірегім еді»: Ұлы хостелдегі өрттен қаза тапқан ана сұхбат берді

Марқұм хостелге бір ай бұрын көшкен

«Менің тірегім еді»: Ұлы хостелдегі өрттен қаза тапқан ана сұхбат берді
Фото: Massaget.kz

Алматыдағы хостел өртінен 13 адам қаза тапты. Марқұмдардың бірінің анасы Qaz365.kz тілшісіне сұхбат берді.

Әсем Садықоваға колледжден хабарласып, 22 жастағы ұлы Суннат Сыдықовтың қаза болғандардың тізімінде екенін айтқан.

Анасының сөзінше, Суннат бір ай бұрын хостелге көшіп, бөлек тұруды шешкен. 

«Балам 2001 жылғы еді. Мұнда (хостелде) 1 ай ғана тұрды. Маған «мама, 25 мың теңге төлеп, досыммен бірге тұрамын» деп айтқан. Кішкентайынан шығармашылық жан еді. Киім тігуді, тоқуды ұнататын. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты оқуын бітірмеген. Менің тірегім еді, үнемі маған көмектесетін. Бір ғимаратта жұмыс істейтінбіз. Тағы одан бір жас кіші балам бар, сол екеуміз жаңа адамның жеке басын анықтауға кірдік. Таныдық, сол», – деді марқұмның анасы.

Оның айтуынша, оған хабар 10:40-та келді. Суннат сатушы-менеджер болып жұмыс істеген.

Еске салайық, 30 қарашада шамамен таңғы сағат 5.33-те Әди Шәріпов көшесі, 86 мекенжайындағы «Almaty Hostel» хостелінің жертөлесінен өрт шықты. 13 адам көз жұмды. Тағы 59 адам эвакуацияланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →