×

Ұлықбек Есдәулет: Марат Жыланбаевқа рақымшылық жасалар деген үлкен үміт бар

Белгілі ақын желіде жазба қалдырды

Ұлықбек Есдәулет: Марат Жыланбаевқа рақымшылық жасалар деген үлкен үміт бар
Фото: ашық дереккөздерден

Белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағын басқарған Ұлықбек Есдәулет 7 жылға сотталған Марат Жыланбаевқа рақымшылық жасалар деген үлкен үміт барын әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алдағы Тәуелсіздік күніне орай Мемлекетіміздің басшысы әлемге әйгілі марафоншы, қазақтың қайталанбас желаяғы Марат Жыланбаевқа өз құзіретімен рақым жасап, амнистия жариялайтын шығар деген үлкен үмітім бар», – деп жазды Ұлықбек Есдәулет.

Еске салайық, жақында Астана соты марафоншы, тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан!» партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевты жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған болатын.

Оған «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты» және «терроризмді қаржыландырды» деген айыптар тағылған болатын. 29 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сот тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландырғаны (ҚР ҚК 258-бабы 2-бөлігі), сондай-ақ оның қызметіне қатысқаны үшін (ҚР ҚК 405-бабы 2-бөлігі) Марат Жыланбаевқа қатысты үкім шығарды.

Соттың ақпаратынша, «Жыланбаев Қазақстан аумағында тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының (ҚДТ – ред.) жақтаушысы бола отырып, ҚДТ көшбасшысымен және оның шетелдік штабымен байланыста болып, олардан Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын күштеп өзгерту мақсатын көздейтін тапсырмалар мен нұсқаулар алған». Алайда Жыланбаев өзіне тағылған айыппен келіспей кетті. Адвокаты Мейірхан Досқараев сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретінін хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →