×

«Фельдшерлер адам өмірін құтқарудан бұрын бланкі толтырып жүріп алды»: Куәгер 13 адамның өмірін жалмаған хостелдегі оқиға туралы айтты

Өрт куәгері мән-жайды айтып берді

«Фельдшерлер адам өмірін құтқарудан бұрын бланкі толтырып жүріп алды»: Куәгер 13 адамның өмірін жалмаған хостелдегі оқиға туралы айтты
Коллаж: Qaz365.kz

Алматыдағы Шәріпов көшесінде өрт шыққан хостелдің куәгерлерінің бірінің айтуынша, фельдшерлер адам өмірін құтқарудан бұрын, алдымен бланкі толтырып жүріп алған, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Өзім осы хостелде екі аптадан бері тұрып жатырмын. Бүгін досым таңғы бес жарымда оятты. Бөлмеден шыққанда бірінші қабат түтін болып жатыр екен. Содан бөлменің жанындағы адамдардың шығуына көмектестім. Шамамен 6-7 адамға қолғабыс еттік», – дейді қала тұрғыны Нұрсұлтан Мәтенов.

Ол адамдарды шығатын жаққа нұсқап көрсетіп тұрған. Бұрын бұл жерде қару-жарақ дүкені болғандықтан, терезелер ашылмай қалған. Адамдарды лақтыруға тура келген. Өзі айтқандай, 6-7 адамға көмектескен. Эвакуациялауға хостелдің басқа тұрғындары да көмектескен.

«Алдымен полиция келді. Олар 50-ге жуық адам жиналғанын көрді. Біз айқайлағанша олар тіпті тоқтамады. Біз оларға түсіндірдік. Сосын қоршау жасады. Мен полиция қызметкерлерінің біріне үйдің 2-3 қабатының тұрғындарын эвакуациялау керектігін айттым. Ол менен кіреберіс қай жерде екенін сұрады. Аула жақтан екенін айттым. Ал олар болса жай ғана шетке шығып, телефонына қарай бастады», – деп еске алады Нұрсұлтан Мәкенов.

Ол өрт сөндірушілер келгенде хостелде адамдар тұратын бірінші қабат бар екенін айтқан. 

«Жігіттермен сонда кіруге тырыстық. Бірақ құрал-жабдықсыз қиындау болды. Өрт сөндірушілер алдымен 17 жастағы баланы шығарып, жедел жәрдемге жеткізді. Оның тірі және қозғалып жатқанын көрдік. Бірақ алғашқы медициналық көмек көрсетудің орнына фельдшерлер бланкілерді толтырып жүріп алды. Сол кезде жас бала көз жұмды», – дейді Мәкенов.

Ол түнде біреу тамақ істегенін көрген. Оның айтуынша, өрт содан тұтануы мүмкін. Бірақ оған мән-жайды құтқарушылардың өздері айтқан.

«Мен құтқарушылармен сөйлестім, олар зарядкада тұрған электросамокатты көрген. Өрттің себебі осыдан болды деп айтты», – деді Мәкенов журналистерге берген сұхбатында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →