×

Петропавлда мектепте балтамен оқушыларға шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шықты

Балтамен шабуыл жасаған

Петропавлда мектепте балтамен оқушыларға шабуылдаған жасөспірімге қатысты үкім шықты
Фото: vkonakovo.ru

Петропавлда үш оқушыға балтамен шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу) бойынша  6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Ол жазасын кәмелетке толмағандарды қамауда ұстау үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Жәбірленушілердің пайдасына моральдық шығын өндірілген.

Бұл жантүршігерлік жағдай 13 ақпанда болған еді. 9-сынып оқушысы білім беру мекемесіне өзімен бірге пышақ пен балта кіргізген. Кейіннен ол екінші қабаттағы әжетханада маскасын киіп, балтамен дәлізге жүгіріп шығып, оқушыларды ұрған болатын. Шабуыл жасаған оқушыны жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстаған. Судьяның айтуынша, оқушы мұндай әрекетке өз тарапына айтылған сөздерден кейін барған. Оның қылмыс жасауына америкалық кинофильм түрткі болған көрінеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →