×

Бөтеннің мүлкін бүлдірді: Астанада тағы екі вандал жазаланды

Екі вандал жазаланды

Бөтеннің мүлкін бүлдірді: Астанада тағы екі вандал жазаланды
Фото: gov.kz

Елордада вандализмнің кез келген жағдайымен белсенді күрес жүріп жатыр. Өз кезегінде полиция қылмыскерлерді тауып, оларды жауапқа тартады. Бірер күн бұрын тағы екі вандал жазаланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мәселен, елорда тұрғындарының бірі мас күйінде Петров көшесіндегі кеңсе үй-жайында біреудің компьютерін сындырып кеткен. Бұл факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша хаттама жасалды, сот құқық бұзушыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды», – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Тағы бір ер адам Шевченко көшесі, №10/4 үйдің бесінші қабатының балконында тұрып, дәрет сындырған. Осы үшін ол бес тәулікке қамауға алынды.

2023 жылдың басынан бері елорда полициясының қызметкерлері вандализмнің 100-ден астам фактісін анықтады. Қала бойынша күнделікті екі мыңнан астам полиция қызметкері патрульдейді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал!» акциясы іске асып жатыр.

Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Президенттің Жарлығымен бұрынғы сот төрағасы қызметінен босатылды
Бүгін, 12:54

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Президенттің Жарлығымен бұрынғы сот төрағасы қызметінен босатылды

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты педофилді тексерген пробация қызметкері 2 жылға сотталған болатын
Жер сілкінісінің эпицентрі – Қытай аумағында
Семейде тағы бір көпфункционалды кешен пайда болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →