×

Алматы әкімдігі хостелдегі өрттен қаза тапқандардың жақындарына ақшалай көмек көрсетеді

Алматыда жатақханада қаза болғандардың отбасына көмек көрсетіледі

Алматы әкімдігі хостелдегі өрттен қаза тапқандардың жақындарына ақшалай көмек көрсетеді
Фото: Qaz365.kz

Қаза тапқан азаматтардың жақындарына 1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек беріледі. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ал қаза тапқан шетел азаматтарының отбасыларына мәйіттерді жерлеу орындарына дейін тасымалдауға көмек көрсетілетін болады.

«Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінетін болады. Сондай-ақ, бұрын айтылғандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін көрсетілген жерлерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Бұдан басқа, жерлеу процесін қоса алғанда, Алматы қаласының аумағында жерлеуді ұйымдастыруға толық жәрдем жасалады», – деді Айдар Жақыбаев. 

Еске салайық, 30 қарашада шамамен таңғы сағат 5.33-те Әди Шәріпов көшесіндегі «Almaty Hostel» хостелінің жертөлесінен өрт шықты. 13 адам көз жұмды. Тағы 59 адам эвакуацияланды. Хостелде, алдын ала мәлімет бойынша, 72 адам болған. Өртті сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →