×

«Бұл үлкен шу болғалы тұр»: Ринат Зайытов Түркістандағы былықты Шөкеевтің адамы істегенін айтты

Депутат заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен нысандар жайлы айтты

«Бұл үлкен шу болғалы тұр»: Ринат Зайытов Түркістандағы былықты Шөкеевтің адамы істегенін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жақында әріптесі Мақсат Толықбаймен бірге Түркістан облысына барып, заңсыз жекеменшікке өтіп кеткен нысандарды аралаған еді. Ол көбісін бұрынғы әкім Өмірзақ Шөкеевтің адамдары алғанын айтып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл үлкен шу болғалы тұр. Бас прокуратураға да барып айттым, тексеруді сұрадым. Бір сыбыстарға сүйенетін болсақ, бұрынғы әкім Өмірзақ Шөкеевке қатысты адамдар осының барлығын  істеген дейді. Біз тексеріп жатырмыз. Өзіміз күмәнсіз болған кезде ең бірінші далада қалып қалған, ұлттық өнерді ұстап отырған қолөнершілердің орны қайтарылуы керек. Ал оларды жан-жаққа қуып тастаған. Мәдениет үйін мүлдем шет жақта ескі ғимаратқа көшіріп тастаған. Ал қалаға салынған Мәдениет үйінен ресторан жасап жатыр дегенде жағамызды ұстадық. Сондықтан бұл бір күндік мәселе емес»,  – деді Ринат Зайытов «ADAL ADAM» youtube-арнасына берген сұхбатында.

Ол сол ғимараттарды қалалық әкімшілік сенімгерлік хатпен біреулерге беріп тастаған деп отыр. Неке сарайын сұлулық, массаж салоны, Visit орталықтан біреулер кафе, дүкен ашқан дейді. Ал Мәдениет үйінен мейрамхана ашып жатқан көрінеді. 

Ринат Зайытов Түркістанға тексеруге барғанда бір «қызық» жағдайға тап болғанын айтты. 

«Біз әкімдікке барсақ, қала әкімі, оның орынбасары, көмекшісі сол күні ауырып қалып қалған. Бәрі денсаулығына жарамсыз, сондықтан демалыста болды», – дейді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →