×

Түркістан тұрғынына ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланды

Түркістандықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Түркістан тұрғынына ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде аузына келгенін айтқан түркістандықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әрбір қазаққа айтарым: өзбек көтерілсе бар ғой, бір күнде малыңды шығарып береді. Ей, сендер кімге сеніп жатырсыңдар? Бұлар мал», – деп аузына келгенін айтқан әлгі азамат.

Кейін дәл сол азаматтың кешірім сұраған видеосы тарады. 

«Барлықтарыңнан кешірім сұраймын. Мен Қазақстан азаматымын. Қазақстанда ешқашан біреумен біреу ұрсысып, келіспеушілік болған емес. Қаншама достарым, таныстарым, полчандарым бар. Просто байқаусызда сол, кішкене келіспеушіліктер болып қалды. Шынымды айтсам, менің ойымда ондай жоқ», – дейді әлгі азамат.

Желіге тараған видео қоғамда қызу талқыға түскен. Ұлты қазақтар отандасының сөзіне ашуланып, әртүрлі пікір қалдырған. Көп өтпей әлгі жігіттің әке-шешесінің ұлы үшін кешірім сұраған видеосы тарады. 

Түркістан облыстық полиция департаменті әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында, автордың өзге ұлт өкілдерінің тарапына теріс пікір білдіріп жатқан бейнежазбасы анықталғанын растайды.

«Полицейлер шұғыл қабылдаған шаралардың нәтижесінде бейнежазбаның авторын анықтады. Ол қазіргі уақытта шетелде жүрген Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-таптық немесе діни алауыздықты қоздыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.  Сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлайды департамент.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →