×

Қаңтар оқиғасы туралы кітап жазған экономист Құлыбаевқа тиесілі банктың құрамына кірді

Халық банкі директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Қаңтар оқиғасы туралы кітап жазған экономист Құлыбаевқа тиесілі банктың құрамына кірді
Фото: baigenews.kz

Қазақстан Халық банкі директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Бұрынғы мүшесі Мәжит Есенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, Жақсыбек Құлекеев пен Жомарт Нұрабаев директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2023 жылғы 1 желтоқсанда банктің директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткен. Сол отырыста Мәжит Есенбаевтың өкілеттілігі тоқтатылды. Бұрын директорлар кеңесіне жеті адам мүше болса, енді сегізге дейін көбейді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Жақсыбек Құлекеев тәуелсіз директор және Жомарт Нұрабаев «АЛМЭКС» холдинг тобы» АҚ өкілі ретінде сайланған.

Сонымен директорлар кеңесінің мүшелері толығымен мынандай:

•    Александр Павлов – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
•    Арман Дунаев – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
•    Жақсыбек Құлекеев – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
•    Франк Кайларс – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
•    Жомарт  Нұрабаев – Директорлар кеңесінің мүшесі, «Алмэкс» холдинг тобы» АҚ өкілі;
•    Петр Романовски – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
•    Герман Тишендорф – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
•    Үміт Шаяхметова – Директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы.

Жақсыбек Құлекеев бұған дейін «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» атты кітап шығарған болатын. 

Еске салайық, Halyk Bank акцияларының 69,52%-ы Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевқа тиесілі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Бүгін, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →