×

19 мың теңге үстемеақы, тегін шипажай мен емделу: Қазақстанның халық әртісі атанғандарға қандай жеңілдік қарастырылған

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағына қандай жеңілдік қарастырылған?

19 мың теңге үстемеақы, тегін шипажай мен емделу: Қазақстанның халық әртісі атанғандарға қандай жеңілдік қарастырылған
Фото: ашық дереккөздерден

Биыл Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірнеше өнер иесі Қазақстанның халық әртісі атанды. Сөйтіп, араға 24 жыл салып, бұл атақ қайта беріле бастады. Жыл сайын санаулы адамдарға ғана берілетін бұл атақта қандай жеңілдік бар? Qaz365.kz тілшісі су жаңа халық әртістерімен тілдесіп көрген еді.

«Дариға дәурен!» деп ән салған Рамазан Стамғазиев атағына төленетін үстемеақыны әлі алмағанын, енді берілуі тиістігін айтты.

«Мен бұрын ҚР Еңбек сіңірген әртісі едім, ол кезде 7 мың теңге төленетін. Енді халық әртісін алдым. Бұл үшін жалақыға қосымша 19 мың теңге төленеді екен. Кадр бөлімі солай айтты. Енді жалақымызды алған кезде түсуі тиіс. Жұрт арасында «Совминка» деп аталып кеткен Орталық клиникалық ауруханаға (ОКА) тіркеуге шақырды. Әйелім екеуімізді сонда тіркеді. Халықтың берген бағасы өз алдына, мынау мемлекет беріп жатқан атақ. Барған жерінде айтылып жатады емес пе? Оның несі жаман? Бұйырғанын көрерміз», – дейді Рамазан Стамғазиев.

56 жастағы ҚР халық әртісі қазіргі кезде Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында еңбек етеді. Профессор, сонда сабақ береді.

Ал жақында осы алған атағының құрметіне той жасаған актер Дулыға Ақмолда қандай үстемеақы алатынын білмейтін болып шықты. Күйші Айгүл Үлкенбаева телефонын көтермеді. Бұл үшеуінен бөлек, ҚР халық әртісі атанғандардың қатарында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген, театр және кино актері Дінмұхаммед Ахимов, Михаил Токарев, опера әншілері Талғат Күзенбаев,  Шахимардан Әбілов бар.

Халық әртісі атанғандар үстемеақыдан бөлек, Астанада тұрса, Президент іс-басқармасына қарасты ауруханаға, Алматыда тұрса, Орталық клиникалық ауруханаға тегін қарала алады. Сосын жылына бір рет шипажайға тегін демалуға мүмкіндік бар.

Биыл қыста сол кездегі Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы үшін берілетін үстемеақы мөлшерін базалық лауазымдық жалақының 100 пайыз мөлшеріне дейін өсіру үшін бюджеттен қосымша қаржы сұраған еді. Сол үшін үш жылға 16,5 млн теңге қосымша қаражат бөлінді.

Айта кетейік, «Қазақстанның халық әртiсі» –  музыка мен хореография, театр мен кино, эстрада мен цирк өнерін дамытуға айрықша үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі»,  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болған адамдарға берілетін құрметті атақ.

1999 жылдың шілде айынан бастап бұл атақты беру тоқтатылған еді. 2022 жылдың мамырында Президент Тоқаев тиісті министрлікке атақты қайтару туралы тапсырма берді. 

Көрші  Ресейде   мұндай марапат иелеріне ұшақта ұшуға, теміржол тасымалында, басқа да әлеуметтік төлемдерге айтарлықтай жеңілдік қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →