×

Латвияда спорт мектебінің латыш тілін білмейтін ұстаздарын жұмыстан шығарып жатыр

Тексеріс анонимді адамдардан түскен арыздың ізімен жүрген

Латвияда спорт мектебінің латыш тілін білмейтін ұстаздарын жұмыстан шығарып жатыр
видеодан кадрлар

Бапкерлердің, ұстаздардың кейбірі өз ісінің үздігі болса да, оларға мемлекеттік тілді білу міндеттелген, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл жайлы «Настоящее время» басылымы жазады. Мәселен, Олимпиада Латвия намысын қорғаған, елдің семсерлесуден 8 дүркін чемпионы болған бапкер Юлия Вансовичті тіл білуден емтиханға дайын болу үшін жұмыстан 3 айға шеттеткен. Әр мектепте ондаған ұстаз латыш тілін С1 деңгейінде білмегені үшін қызметімен қош айтысуы мүмкін. Кейбіреулер емтиханды күтпей, өз еркімен жұмыстан кетіп жатыр.

Даугавпилск мектебінің 14 ұстазын Латвияның мемлекеттік тіл орталығы тексерген. 

«Менің тәрбиемдегі балалардың көбі орыстілді. Тіпті латыш мектептерінде оқитын оқушылардың өзі де өз араларында орысша тілдеседі», – дейді семсерлесуден бапкер Юлия Вансович.

Волейболдан балаларды тәрбиелеген Борис Чолокян атты латвиялық азамат мемлекеттік тілді ішінара ғана түсінетінін мойындайды. 

«Мен мемлекеттік саясатты да түсінемін. Алайда соған қолдап-қолпаштаймын деп айта алмаймын. Командамызда латыштар да, орыстар да болған. Проблема ешқашан жоқ еді», – дейді Чолокян.

Мемлекеттік тілді білу бойынша тексеріс анонимді адамдардан түскен арыздың ізімен жүргізілген.

«Мемлекеттік тілді білу жағынан тексеріс тілдесу, әңгімелесу форматында өтеді. Соның барысында инспектор қызметкердің лауазымына, кәсіби талаптарына сай латыш тілінде сұрақ қояды. Тексеріс арыз немесе бақылау бағдарламасы негізінде жүргізіледі», – дейді Латвия мемлекеттік тіл орталығының өкілі Вилнис Кушкис.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Кеше, 12:30

Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →