×

Ақтауда үлескерлердің 400 млн теңгесін қолды қылған компания басшысы қамалды

ЖШС басшысы қамауға алынды

Ақтауда үлескерлердің 400 млн теңгесін қолды қылған компания басшысы қамалды
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Ақтауда салымшылардың қаражатын қолды қылған «Багис» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Компанияның басшылары «Атамекен» тұрғын үй кешенінен пәтер алуға деп ақша төлеген салымшылардың сеніп тапсырған қаражатын қолды қылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Тергеу барысында ЖШС директоры 2017 жылдың наурызы мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау сылтауымен 119 үлескердің  ірі көлемде 400 млн теңгеге жуық ақшалай қаражатын иемденгендігі анықталды. ЖШС басшысына қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», – деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, қосымша сот сараптамаларын жүргізу күтілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға беріледі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда көлікті техникалық тексерістен өткізу ережелері өзгерді
Бүгін, 10:53

Қазақстанда көлікті техникалық тексерістен өткізу ережелері өзгерді

Өзгерістер 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап заңды күшіне енеді
Күдікті Telegram арқылы марихуана тұқымын тапсырыс беріп, поштамен алдырып отырған
Оған   қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде
Компанияны ол 2015 жылы мемлекеттен 9 миллиард теңгеге жекешелендірген болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →