×

«Бәріне мұғалім кінәлі»: Әлихан Смайылов ащы шындықты айтты

Елде мұғалімдер тапшылығына не себеп?

«Бәріне мұғалім кінәлі»: Әлихан Смайылов ащы шындықты айтты
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов елде мұғалімдер тапшылығына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол қазір колледждерде мұғалімдер тапшылығы барын және 5 мың педагог жетіспейтінін айтты. Жыл сайын 50 мыңға жуық жас маман университет бітірсе, олардың көпшілігі өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді деп айтты.

«Мұның себептері әртүрлі. Мектептерде оқыту процесінің күрделі болуы, шамадан тыс талап қою және қалыптасып қалған "бәріне мұғалім кінәлі" деген қоғамдық пікір осы мамандыққа деген қызығушылықты төмендетіп жіберді. Білім беру процесіндегі қиындықтардан басқа, педагогтерге түсетін психологиялық жүктеме де жоғары. Әрине, проблемалар бар. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығын қалайтын жастарды одан әрі қолдайды», – деді  Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы педагог мамандығында оқитын студенттердің стипендиясы 2,5 есеге өскенін атап өтті. Биыл мемлекеттік грант алуға үміткерлердің әрбір төртіншісі және 1,5 мыңнан астам «Алтын белгі» иегері мұғалім болуға ниет білдірген.

«Енді оқыту сапасын арттырып, педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін оқыту әдістемесін қайта қарау қажет. Оқу бағдарламаларын жаңғыртып, оларға сұранысқа ие құзыреттерді қосу керек. Қазіргі заманғы талаптардың барлығын ескеру қажет», – дейді Премьер-министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда SIM-картаны енді дүкендер сата алмайды
Бүгін, 16:25

Қазақстанда SIM-картаны енді дүкендер сата алмайды

Қазақстанда ұялы нөмірлерді сатып алу тәсілі түбегейлі өзгереді.
Қазақстандағы ең табысты он МҚҰ-ның жартысы «жалақыға дейінгі» қарыз беру саласында жұмыс істейді.
Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы әрі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде кемі қола медальді қоржынына салды.
AZAL жолаушылар ұшағының Ақтаудағы апатына қатысты тергеу үш елде бір уақытта жүргізіліп жатыр, сараптама нәтижелері жақын уақытта жариялануы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →