×

Алматы және Жетісу облыстарында салынған жолдардың 74%-нан ақау анықталды

Жолдардың 74%-нан ақау анықталды

Алматы және Жетісу облыстарында салынған жолдардың 74%-нан ақау анықталды
Фото: atr.kz

Биыл Жетісу мен Алматы облысының жолдарынан алынған сынамалардың 74 пайызы нормативтік-техникалық талаптарға сай болмай шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының мамандары екі облыстағы жолдарды 268 рет тексеріп, жалпы саны 1480-нен астам жол-құрылыс материалдарының сынамасын зертханаға әкелген. Мәселен Алматы облысындағы жолдар 130 рет тексеріліп, 676 сынама алынған. Оның ішінде 239 сынама тиісті талаптарға сай келмейді. Ал Жетісу жолдары 138 рет тексеріліп, 813 сынама алынған. Оның 531-інен ақау анықталды.

«Суық асфальт жабынынан керндерді 15-30 күн ішінде алуға болады. Ал ыстық асфальт бетоннан сынама 1-3 күн ішінде алынуы керек. «Қазавтожол» және жергілікті атқарушы органдар бойынша жоспарланып алынған сынамалар бір рет зертханадан өтпеген жағдайда 28 күн ішінде регламент бойынша екінші рет алынады. Одан кейін регламент бойынша сынамалар талқыланбайды», – дейді «ЖАҰСО» РМК Алматы облыстық филиалы сапа және мемлекеттік есепке алу бөлімінің басшысы Руслан Қашқынбай.

Айта кетейік, жол құрылысы материалдарының 96%-ы төселген асфальтбетон жабынынан іріктелген үлгілер. Тексеру нәтижесі бойынша облыстық, аудандық әкімдік өкілдеріне (әкімдердің орынбасарларына) жол-құрылыс материалдарының нормативтік-техникалық талаптарына сәйкес келмейтін ақаулары мен ескертулері бар хаттар бірнеше рет жолданды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
19.05.2025ж. 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →