×

Күршім ауданында трактор Бұқтырма су қоймасына батып кетті

Трактордың суға батып кеткен сәті видеоға түсіп қалды

Күршім ауданында трактор Бұқтырма су қоймасына батып кетті
видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысында трактордың суға батып кеткен сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға Бұқтырма су қоймасында орын алды. Видео трактордың артында келе жатқан көліктің алдыңғы жағынан түсірілген: алдында келе жатқан трактор кенеттен мұз астына бата бастаған. Көлік суға батып жатқан кезде рөлде ер адам отырған, алайда ол батып бара жатқан көліктен секіріп үлгерген.

Сондай-ақ мұз өткелінде көлік қозғалысының тоқтатылатыны туралы хабарланды.

«ОблШығысЖол» ЖШС «Қызыл ту» мұз өткелінде (Бұқтырма су қоймасы) мұздың жарылуына, мұз бетіне судың шығуына және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысына қауіп төнуіне байланысты автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалыстың жабылғаны туралы хабарлайды.  Қозғалыс Алтай, Үлкен Нарын және Зайсан елдімекендері арқылы айналма жолмен жүзеге асырылады», - делінген «ОблШығыс жол» ЖШС жол қауіпсіздігі қызметінің бас маманы Нүкібаев Л.Т. қол қойған хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →