×

ТЖМ жатақханалар қауіпсіздігін ерекше бақылауға алмақ

ТЖМ жатақханалар қауіпсіздігін ерекше бақылауға алмақ
aqmeshit-aptalygy.kz

Келіп түскен шағымдардың 60 пайызы өрт қауіпсіздігі талаптары құрылыс сатысында бұзылатынын көрсетіп отыр. Бұл туралы Сенатта азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Қазір Үкіметтің 7 функциясы министрлікке, ал министрліктің 1 функциясы жергілікті әкімдіктерге берілді. Әкімшілік реформа аясында «Азаматтық қорғау туралы» Заңнан 56 функция алып тасталды, тағы 53-і әзірленген заң жобасы бойынша іске асырылады. Ұсынылған заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларына, Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруды көздейді», – деді С. Шәріпханов.

Бұл тұрғыда аталған құжат аясында ескерілген қадамдарға тоқталды.

«Біріншіден, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты. Объектілерді жобалау және салу кезінде болған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактілері, өрттің туындау қаупін сейілту және оның жағымсыз салдарын азайту мақсатында кешенді шаралар қабылдауды талап етеді. Министрлікке келіп түскен шағымдардың 60 пайызы өрт қауіпсіздігі талаптарын жобалау кезінде және құрылыс сатысында бұзылатынын көрсетіп отыр. Мәселен, «STOP Құрылыс» тобы мүшелерінің бір ғана өтінішінде Алматы қаласында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 11 тұрғын үй кешенінің бар екенін көрсетті. Алматы қаласындағы 13 адамның өмірін қиған хостелдегі қайғылы оқиға қоғамдық резонанс тудырды. Аталған жағдайларға жеке үйлер мен коттедждерді жатақхана етіп қайта жабдықтау үрдісінің өсуі ықпал етіп отыр. Әсіресе мұндай іс-әрекеттер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды. Осындай фактілердің алдын алу үшін биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар мен адамдар жаппай шоғырланатын нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде министрліктің (Төтенше жағдайлар министрлігі) қатысуын қайтару бойынша норма әзірленді», – деді министр.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының құрылысты жобалау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Министрлікке арнайы техникалық шарттарды келісу өкілеттігін беру қарастырылған. Бұл норма өрт қауіпсіздігі талаптарын орындаудан негізсіз ауытқу фактілерінің алдын алуға мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Келісімшарттық міндеттемелер орындалмайтын және жұмыс жүргізілмейтін барлау орындарын жедел жабу тапсырмасы берілген
Жаңа пандус Ахметов көшесі бетінен екінші қабатта ашылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →