ҰҚК қызметкерлеріне қатысты үкім шықты
Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, сот 11 адамның біреуін ақтап, біреуіне 5 жыл түрме жазасын берді. Үш адам шартты жаза алған.
Сот үкіміне журналистер қатыстырылмаған. Соттың прокурор сұраған жазадан да жеңіл жаза бергені айтылады.
Адвокат Гүлнар Жуаспаева соттың мұндай шешім шығарғанына наразы. Ол Қаңтар кезінде азаптау ісі бойынша 10-нан астам жәбірленушінің мүдделерін қорғаған. Оның айтуынша, қылмыстық іс жүргізу кодексі үкімді ашық режимде жариялауды көздейді.
Бұған дейін прокурор Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша ҰҚК-нің 11 қызметкерін үш жылдан бес жылға дейін түрмеге жабуды сұраған.