×

Көкшетауда 40-тан астам үй жылусыз қалды

Көкшетау қаласында 40-тан астам үй жылусыз қалды

Көкшетауда 40-тан астам үй жылусыз қалды
Фото: ашық дереккөзден

Көкшетаудағы «Капитал» тұрғын үй кешенінің маңында диаметрі 700 мм болатын жылу құбыры жарылып, 40-тан астам үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 желтоқсан күні сағат 19.00 шамасында Көкшетауда Сәбатаев пен Сағдиев көшелерінің қиылысындағы жылу трассасында апат болды. Осы уақытта Сәбатаев көшесі, №82 тұрғын үй аумағындағы 700 мм диаметрлі №1 жылу трассасындағы ақау анықталды.

«Сағат 19.00-ден бастап төтенше жағдайды жою жұмыстары басталып, ақаудың орны табылды. 40-қа жуық нысанды жылумен қамтамасыз ету шектелген. Олар көпқабатты үйлер мен жеке тұрғын үйлер», – деп түсіндірді Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Дәулет Жүнісов.

Айта кетейік, 13 көппәтерлі тұрғын үй, 24 жеке тұрғын үй және бес ғимарат жылусыз қалған.

Сонымен қатар апатты жоюға «Көкшетау жылу» МКК құтқарушылары мен қызметкерлері жұмылдырылды.

Әкім орынбасарының айтуы бойынша, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін учаскенің гидравликалық және температуралық жағдайы қалпына келтіріледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →