×

«Шын болса, түрмеде отырар едім»: Әнші Ерлан Көкеев Түркияда «кісіні көлікпен қақты» деген айыптауға жауап берді

Ерлан Көкеев Түркияда «кісіні көлікпен қақты» деген ақпаратқа қатысты жауап берді

«Шын болса, түрмеде отырар едім»: Әнші Ерлан Көкеев Түркияда «кісіні көлікпен қақты» деген айыптауға жауап берді
Фото: ашық дереккөздерден

«АБК» тобының экс-мүшесі Ерлан Көкеев «Аланияда іздеуде жүргені» және кісіні көлікпен қаққаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әнші, «АБК» тобының экс-мүшесі Ерлан Көкеевті Аланияда іздеп жатқанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазған еді. Оның айтуынша, бұл оқиға туралы 26 жылдан бері Түркияда  жылжымайтын мүлік сатып, жалға көлік берумен айналысатын жергілікті тұрғын Лера баяндап берген.

«Лераның айтуынша, теңіз жағалауындағы шаһарға қазақстандық әншілер келген кезде жарнамалық ұсыныспен Көкеевпен танысқан. Қасында жұбайы, жанында 5-6 баласы бар болғандықтан, үлгілі әке ретінде көрген. Былтыр әнші Лерадан жалға көлік алады. Отбасы, бала-шағасымен бір шараға барып, мас күйінде мото жүргізушіні қағып кетеді. Есі шыққан Ерлан Лерадан көмек сұрайды. Лера таныстарын әкеліп, сақтандыру төлеп, Ерекеңді кепілге шығарып алады. Жапа шеккен Түркия азаматы, жас жігіт ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіледі. Бәрібір денсаулығы оңалмай, қазір мүгедек болып қалған», – деп жазды журналист.

Qaz365.kz тілшісі осы оқиға бойынша әншінің өзіне хабарласып көрген. Әнші өзі жайлы шыққан ақпараттан хабардар екен.

«Ертең кешке таман! Өзімде заңгер бар. Біз ресми мәлімдеме жасаймыз. Ол жазғаны – жала. Содан кейін бүкіл ақпарат шығады. Ертең жасаймыз. Бүрсігүні ресми сұхбат болады. Содан кейін сіздерге рұқсат болса, звандаңыздар. Қазір тиісті құжаттарды жинаймыз. Алайда анау кісілер алаяқтар. Тексерілмеген ақпарат шықты. Менде құжаттар бар. Менің ешқандай кінәм жоқ. Түркияда сот, прокуратура қаншама жыл істейді. Оларда бәрі нақты өз жұмысын жасайды. Егер сол жағдай болса, мен баяғыда түрмеде отырар едім. Қазір біз жауап беруге дайындалып жатырмыз», – деді Ерлан Көкеев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →