×

«Басын шабу керек»: Депутат Жаңбыршин министр Саденовке неге шүйлікті

Еділ Жаңбыршин министрді нақты істерді атқаруға шақырды

«Басын шабу керек»: Депутат Жаңбыршин министр Саденовке неге шүйлікті
Фото: gov.kz / halyq-uni.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Ішкі істер министрі Ержан Сәденовты есірткімен күресте нақты істерді атқаруға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжілістің кезекті отырысында Сәденов есірткімен күресте нақты қандай шаралар қабылданатынын айтқан. Алайда депутат Жаңбыршинге оның баяндамасы ұнамай қалса керек. Мәжілісмен турасынан түсті.

«Жаңа депутат Аймағамбетов дұрыс айтып кетті. Мына жүйелік мәселелерді біз мына жерде көре алмай отырмыз. Яғни, осы талдаудың нәтижесінде есірткімен қарсы күреске қатысты қандай жүйелік проблемалар бар? Оны қалай шешпексіздер? Қай жерде Парламенттің көмегі керек? Тек қана жаңа заңға байланысты айттыңыздар, ал басқа мәселелер қайда? Ол да жоқ! Ең бастысы, біз себебімен емес, салдармен күресіп жүрген сияқтымыз», – деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Жаңбыршин есірткі қылмысында орындаушылар ұсталғанымен, соны ұйымдастырып отырғандар құтылып кететінін айтты.

«Жаңағы наркомафиялардың бірде-бір «громкий» іс жоқ қой! Жаңа сіздердің арасында... Айтсаңыздаршы, «осы наркотикті ұйымдастырып жүрген осындай бір ірі тұлға – бір козаностра бізде ұсталды, мынандай аты-жөні, мынандай адам оның тобында деген мың адам болды, ол осыншама тонна наркотикті жасап отырды, осыншама адамды ол деген ұйымдастырып отырды, осындай жаңағы курьерлерді жасап отырды» дегендей! Бірде-бір іс жоқ қой! Яғни ол не деген сөз? Біз бәленбай жыл күресіп келе жатырмыз – бірде-бір осы наркомафияны Қазақстанда ұстағанын мен естіген жоқпын, шынымды айтсам!» – дейді депутат.

Еділ Жаңбыршиннің сөзінше, «яғни құқық қорғау органдары жұмыс жасай алмайды немесе жаңағы ұйымдастырушылар солардың ішінде отыр немесе үлкен ресурсы бар мемлекеттік жүйеде отырған адамдар» деп есептейтінін ашық айтты. «Бұл бизнес үлкен! Халықтың денсаулығының, мемлекеттің қауіпсіздігінің негізінде бизнес жасап отыр» деген депутат наркобизнесте триллиондаған ақша айналып жатқанын айтады. Ал мұны реттейтін, жоятындай мәжілісмен министрдің сөзінен ешқандай, ештеңе көрген жоқпын деп ашық айтты.

«Әріптестеріміз дұрыс айтып отыр: бәрі тек БАҚ-қа шығу керек немесе спортпен айналысу керек, тағы бірдеңе. Ол деген нәтиже бермейді ғой. Анау соны ұйымдастырып отырған дидраның басын шабу керек! Ал оны шаппай, бұл деген болмайтын әңгіме болады. Сондықтан, құрметті әріптестер, неге каналдар жабылмайды? Бәрін білесіздер, кім сатып отырғанын, қандай каналдан келіп жатқанын, оның бәрі әлі жұмыс жасап тұр! Өтірік әңгіме не керек? Нақты жұмыс жасау керек! Біз енді қазір Ескі Қазақстанда емес, Жаңа Қазақстандамыз. Жаңаша жұмыс жасайтын уақыт келді ғой. Сонда өзіміздің болашақ ұрпақтарымыздың өмірімен, денсаулығымен ойнай береміз бе осылай? Қою керек қой бұның бәрін. Жасаймыз ба? Дұрыс жұмыс жасайық, ұстайық бәрін – апарып қамайық. Қандай қатаң заң қабылдау керек – біз Парламент болып жасап берейік сіздерге!» – деп түйді сөзін Жаңбыршин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Бүгін, 12:30

Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Экс-министрге қатысты кезекті сот отырысы қашан өтеді
Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →