×

Ақтөбе облысының әкімі әжетханада су жоқ екенін айтқан еден жуушыға қатысты пікір білдірді

Әкім Шахаров жауап берді

Ақтөбе облысының әкімі әжетханада су жоқ екенін айтқан еден жуушыға қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөздерден

Жақында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында  еден жуушы әйел әкімге әжетханада су жоқ екенін айтамын деп жұмысынан айырылған болатын. Осыған қатысты облыс әкімі Асхат Шахаров жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Кері байланыс мен үшін өте маңызды. Өңірдегі белгілі бір мәселелерді облыс басшысына айтқандарын дұрыс қабылдаймын. Алдағы уақытта оны шешу үшін өте маңызды. Шындықты айтқандар одан кейін ешкім жазаға тартылмайды немесе жұмыстан босатылмайды. Мен мұны жеке бақылаймын», – деп жауап берді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Айта кетейік, 12 қазанда облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Ырғыз ауданына барған. Әкім әлеуметтік нысандар құрылысының барысымен танысып, Ырғыздағы ауыл мектептері мен кейбір нысандарды аралаған. Мысалы, 300 орындық гимназияда су мәселесі туындап, бұл туралы әкім мен облыстық білім беру мекемесінің басшысы Жайық Сұлтанға еден жуушы әйел айтып берген.

Осыдан кейін Мөлдір Ғапыз шындықты жасырмай айтқаны үшін жұмысынан босап қалады. Дегенмен,  Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан оның жұмысқа қайта кірісетіні туралы хабарлаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →