×

Қазақстанда зейнеткерлер мен студенттер декларация тапсыра ма – Қаржы вице-министрі жауап берді

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 13 миллион адам кіреді

Қазақстанда зейнеткерлер мен студенттер декларация тапсыра ма – Қаржы вице-министрі жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қазақстандық жалпыға бірдей табыс декларациясы бойынша салық есептілігін тапсыруы керек екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Барлығы 250 формасы бойынша декларация тапсыруы керек. Онда барлық мүлік көрсетіледі. Оны барлығы, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал санатына жататын зейнеткерлер, студенттер де тапсыруы керек. Біздің бағалауымыз бойынша, төртінші кезеңде 6,5 миллионнан аса адам есеп беруі мүмкін», – деді Біржанов.

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне барлығы 13 миллион адам кіреді.

«Бірақ болашақта, егер 2026 немесе 2027 жылдары зейнеткер тек зейнетақы алып, кәсіпкерлікпен айналыспаса, онда декларацияны бермеу нұсқасын қарастырамыз. Ол туралы ақпаратты автоматты түрде алып қоямыз», – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, жеке адамдар арасындағы сыйлықтар көрсетілмейді.

Жалпы декларациялау бойынша сұрақтар мен ақпаратты 1414 телефоны арқылы немесе ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан алуға болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес
Бүгін, 10:56

Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімі ағзаға зиянды емес

«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →