×

Жигулидің жанайқайы: Тарихта қалатындай Парламент болайықшы

Мәжілісте жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша отырыс өтіп жатыр

Жигулидің жанайқайы: Тарихта қалатындай Парламент болайықшы
kaztag.kz

Мәжілісте жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша отырыс өтіп жатыр. Жиында депутат Дайрабаев әріптестеріне үндеу тастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Өткен күзде Ақтөбеде атбегілерді дайындайтын жерді көрдім. Қандай өзіміздің қазақтың жас жігіттері жұмыс істеп жүр. Бірақ олардың айлығы төмен. Алатыны 70-80 мың теңге. Ол қайтіп содан кейін спортпен айналысады? Орта, арнаулы, жоғары білім бар. Егер осы заң қабылданып, басшылыққа алып, талап жазар болсаңыздар, біздің өзіміздің ауылшаруашылығына қатысты үш университетке қосымша факультетке кіргізіп, әрекет жасайық бәріміз», – дейді Жигули Дайрабаев.

Оның айтуынша, депутаттар «жылқыны дамытуда тарихта қалатын Парламент болайықшы, депутат болайықшы» деп өтінді.

«Сондықтан бастамаларды қолдаймын», – дейді ол.

Жигули Дайрабаев ат деген қазақтың қанаты деп толғады. Атқа мінген қазақ батыр болады деп атап өтті.

«Бұл мәселеге бәріміз оң көзбен қарайық. Шамамыз келгенше атсалысамыз», – дейді Дайрабаев.

Мәжіліс депутаттары ҚР кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірледі. Заң жобасы үш заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Олар: асылтұқымды мал шаруашылығы туралы, селекциялық жетістіктерді қорғау туралы, агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңдарға өзгеріс.

Заң жобасы арқылы спорттық жылқы шаруашылығына мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және оның елдегі популяциясының өсуі үшін жағдай жасау, ұлттық ат спорты түрлерін дамытуды, қазақ халқының мәдениетін, дәстүрлері мен өмір салтын насихаттауды қамтамасыз ету көзделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі
Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →