×

Алматы облысында жанармай құю станциясы өртенді

Шелек ауылындағы жанармай құю станциясында ірі өрт шықты

Алматы облысында жанармай құю станциясы өртенді
Фото: kris.p.m

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жанармай құю станциясында ірі өрт шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облысы ТЖД-ның мәліметінше, 14 желтоқсанда сағат 19:22-де ТЖД-ның кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында операторлық автожанармай құю станциясы мен жалпы көлемі 30 текше метрді құрайтын жақын маңдағы цистерналардың өртенгені туралы хабарлама түскен.

«Шақыру орнына ТЖД күштері мен құралдары, барлық шұғыл өзара іс-қимыл қызметтері жіберілді. Өрт сағат 20:15-те 80 шаршы метр аумақта оқшауланып, сағат 21:41-де жойылды. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өртке жақын орналасқан газ құю станциясына (30 м қашықтықта), минимаркетке (10 м) және тұрғын үй секторына (15 м) оттың таралуы мен жанармай құю цистерналарының жарылуына жол берілген жоқ», – деп хабарлады Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Өрттің себебінен 1967 жылы туған жанармай көлігінің жүргізушісі зардап шекті, ол орта дәрежедегі термиялық күйік алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, ол ауруханаға жатудан бас тартты.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 20 қызметкері мен 8 техникасы, аудандық полиция бөлімінің 5 қызметкері мен 2 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 3 қызметкері мен техникасы жұмылдырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
Кеше, 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →