×

Алматыда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Саптық тексеру барысында алдыңғы саптағы бөлімше қызметкерлерінің киім-кешектері, көліктердің жағдайы, техникалық жабдықтары тексерілді

Алматыда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
vlast.kz / Жанара Каримова

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы күшейтілген қызмет түріне көшірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, осыған орай шаһардың бас полицейі Арыстанғани Заппаров Алматы гарнизонының бірыңғай сап түзеуін жүргізді. 

«Тәуелсіздік күні – орасан зор күш-жігердің арқасында осы мәңгілік құндылыққа қол жеткізген көптеген ұрпаққа көрсетілген құрмет. Біздің алдымызда қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген маңызды міндет тұр. Бұл біздің конституциялық және кәсіби парызымыз, ал оны жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылықпен және сапалы етіп орындау – департамент органдары мен бөлімшелерінің барлық қызметкерінің абыройлы міндеті. Әрбір полиция қызметкері қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес туралы заңдылықты қатаң сақтауға негізделгенін есте ұстауы керек. Мемлекеттілік бізге болашаққа батылдықпен қарауға, болашағымызды айқын көруге мүмкіндік берді», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Саптық тексеру барысында алдыңғы саптағы бөлімше қызметкерлерінің киім-кешектері, көліктердің жағдайы, техникалық жабдықтары тексерілді. 

Сонымен қатар қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғауды күн сайын қолға алатын патрульдік полиция Полкінің, мамандандырылған батальонның жасақтары, учаскелік инспекторлар, ЖҚАЖ қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары командирлердің бағыт-бағдары мен нұсқаулары белгіленді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атақты түркітанушы-ғалым өмірден өтті
Бүгін, 16:28

Атақты түркітанушы-ғалым өмірден өтті

Бірқатар көркем прозалық кітаптардың, ғылыми мақалалардың авторы
Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →