×

Мереке күндері Қазақстан – Қытай көлік өткізу пункттері жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді

Мереке күндері Қазақстан – Қытай көлік өткізу пункттері жабылады
Үкіметтің баспасөз қызметі

Тәуелсіздік мерекесі және жаңа жылда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті ауа райы жағдайын ескеріп, жүкті тасымалдау маршрутын алдын ала жоспарлауды және өткізу пункттеріне брондалған күні келуге кеңес берді.

«Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жүк автокөлік құралдарын өткізу «CarGoRuqsat» (https://cgr.qoldau.kz/ru/start/) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде өткізу күнін брондау арқылы жүзеге асырылатынын назарларыңызға саламыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ МКК екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздік күнін және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда жаңа жылды мерекелеуге байланысты Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлаған.

Қазақстан – Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек
Кеше, 18:21

Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек

Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ
Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →