×

Алматыда 2023 жылы музейге келушілер саны екі есе өсті

Алматы музейлері биылға арналған жоспарды 200% асыра орындады

Алматыда 2023 жылы музейге келушілер саны екі есе өсті

Алматы музейлері 2023 жылы кіру билеттерін сату арқылы 60 миллион теңгеден астам табыс тауып, ағымдағы жылға арналған жоспарды 200% асыра орындады. Бұл туралы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев музей ісін дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өткен жылы өнер сүйер қауым үшін 73 көрме ұйымдастырылды, оны тамашалаушылар саны 125 мыңнан асады. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Айта кететіні, музейлерге кіру билетінің құны 250-ден 5000 теңге аралығында. Балаларға, зейнеткерлерге және студенттерге жеңілдіктер қарастырылған.

«Биыл музей мамандары белсенді және жемісті жұмыс жүргізіп, көптеген көрсеткіштер бойынша үздік нәтижелер көрсетті. Халықаралық ұйымдармен 15 меморандумға қол қойылды, олардың барлығы саланы дамытуға бағытталған. Біздің көрмелер тек қала ішінде ғана емес, Оңтүстік Кореяда, Италияда және Австрияда да ұйымдастырылды. Қала басшылығының қолдауымен биыл мұражай қызметкерлерінің жалақысы 30% көтерілді. Музейлерге келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артқаны қуантады», – деді Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

2023 жылы Алматыдағы музей қызметкерлері 25 ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, әкімдіктің қолдауымен алғаш рет Францияның жетекші музейлерінде кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Айта кетейік, Алматыда қала әкімдігіне қарасты 8 музей жұмыс істейді, олар: Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А.Қонаев музейі, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені, Н.Тілендиевтің мемориалды музейі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы, А.Байтұрсынұлы музей-үйі, Райымбек батыр музей кешені.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →